Жас Пифагор » КГУ "Средняя школа №3 имени Ильи Молутова (Бахтия)" ГУ "Отдел образования по Уйгурскому району Управления образования Алматинской области"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Илья Молутов (Бахтия) атындағы №3 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-52
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-17-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
январь
2018

Жас Пифагор

«Илья Молутов (Бахтия) атындағы №3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 12.12. 2016 жылы «Эврика» математика, информатика физика пәндері бойынша 8-11 сыныптар арасында «Жас Пифагор» атты дәстүрлі интеллектуалдық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың математика, информатика, физика пәндері бойынша білімдерін пысықтау, пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Байқау 4 кезеңнен тұрды. І - кезең «Пресс-конференция», ІІ - кезең «Блиц-турнир», ІІІ - кезең «Видео-блог», ІV - кезең «Кім жылдам». Байқаудың ашылуында 6 топ өздерін таныстырды. Қатысқан топтар: 8 а «Сұңқар», 8 ә «Жас программисттер», 9 «Қырандар», 10 а «Ынталылар», 10 ә «Білім сарбаздары», 11 «Жұлдыздар». Олар өздерінің топтарының атауын, ұрандарын таныстырды. І – кезең «Пресс-конференция» өз ғылыми жобаларын қорғады. ІІ - кезең «Блиц-турнир» логикалық сұрақтарға жауап берді. ІІІ – кезең «Видео-блог» физика пәні бойынша бейне таспадан тәжірбилер көрсетіліп, оқушылар сұрақтарға жауап берді. IV – кезеңінде «Кім жылдам» ауызша есептер, логикалық және теориялық сұрақтар мен формулаларды тез-тез шешу тапсырылды. Кезеңдердің аралығында мектебіміздің өнерлі оқушыларының орындауында музыкалық номерлер көрсетілді.
Байқаудың қорытындысы бойынша І – орынды 10 а сынып «Ынталылар» тобы иеленді, ІІ – орынды 8 а сынып «Сұңқар» және 10 ә «Білім сарбаздары» топтары иеленді, ІІІ – орын 11 сынып «Жұлдыздар», 8 ә «Жас программисттер», 9 «Қырын» топтарына берілді. Соңында байқауға қатысқан топтар мақтау қағаздармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
Жас Пифагор
Мекен жайымыз
Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Һ.Искандеров көшесі, 147 үй

©2016-2021, Ресми сайт Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің «Илья Молутов (Бахтия) атындағы №3 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru