Мектеп тарихы » КГУ "Средняя школа №3 имени Ильи Молутова (Бахтия)" ГУ "Отдел образования по Уйгурскому району Управления образования Алматинской области"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Илья Молутов (Бахтия) атындағы №3 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-52
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-17-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2022

Мектеп тарихы

1957 жылы ұйғыр тілінде білім беретін мектеп болып ашылды. Мектеп 8 сынып 113 оқушы, 16 мұғаліммен өз жұмысын бастады. Алғашқы мектеп директоры Желил Алахунов болды. Сонымен қатар  Абдуллам Махаметов, Музәппәр Хасанов, Аман Хамраев, Таймыр Сасыков, Мунирам Абдуллаевалар  мектеп директоры қызметін атқарды. 
1975 жылы  мектептің  көне   ғимаратының  орнына жаңадан 960 орынды типтік үлгідегі мектеп ғимараты пайдалануға берілді. 1957-2021 жылдар аралығында  мектепті  3917     түлек   аяқтады.
Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 12.05.1993 жылғы №383 қаулысымен  Алматы облысы Ұйғыр ауданының №3 Шонжы мектебіне  Илья Молутов (Бахтия) атауы берілді. Ақынның өмір жолымен таныстыруға арналған  мұражайы мектептің кіре барыс фойесіне орналасқан.
Оқушылардың  салауатты өмір салтын ұстануға дұрыс тамақтануға, бос уақытын тиімді өткізуге барлық мүмкіндіктер жаратылған.  
Оқушылардың  дұрыс тамақтануы үшін мектеп асханасы  жұмыс істеп тұр. Асханада жалпыға міндетті білім беру қорынан 110 оқушы,   жалға алушы тарапынан 10 оқушы ақысыз ыстық  тамақпен қамтамасыз етілген.
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мектепте  пәндік  (көркем жазу және қызықты математика) ,  спорттық  ( футбол, волейбол, баскетбол, қазақша күрес, шахмат),  «Сабдә» ұлттық саз, « Ғунчә» би, « Изонить» қол өнер, «Жасыл патруль», « Жас құтқарушы», « Жас кітапқұмарлар», « Маржан сөз» үйірмелері жұмыс жүргізуде. Биология, физика, информатика, IT кабинеттері толық жабдықталған. Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу  мақсатында мектепте  өзін-өзі басқару ұйымы, «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдер ұйымы, «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жүргізеді.
    Бүгінгі күнде мектепте   жалпы 86 мұғалім жұмыс жүргізеді. Оның ішінде  жоғары білімді - 80, арнаулы орта білімді-6, зертеуші-3, сарапшы-30, модератор-21. 
Бүгінгі  күнде  мектепте 566 оқушы білім алуда. 29 сынып   жинағы,   
2 мектеп алды даярлық тобы бар. 12 оқушы үйден  жекелеп оқытылады.  Білім сапасы 61 пайызды  құрайды. Соңғы 2019-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша    6 түлек  «Алтын белгі» иегері атанды.  

Похожие публикации:

17 январь 2022 КОНКУРС
11 март 2020 Ыстық тамақ
23 январь 2018 Жас Пифагор
Мекен жайымыз
Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Һ.Искандеров көшесі, 147 үй

©2016-2021, Ресми сайт Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің «Илья Молутов (Бахтия) атындағы №3 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru