КОНКУРС » КГУ "Средняя школа №3 имени Ильи Молутова (Бахтия)" ГУ "Отдел образования по Уйгурскому району Управления образования Алматинской области"
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Илья Молутов (Бахтия) атындағы №3 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-17-52
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-17-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
январь
2022

КОНКУРС

Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Илья Молутов (Бахтия) атындағы №3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша бос турған физика, тарих, қазақ тілі, ағылшын тілі пәндері және бастауыш сынып  педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс жариялайды

107. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Мекен жайымыз
Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Һ.Искандеров көшесі, 147 үй

©2016-2021, Ресми сайт Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің «Илья Молутов (Бахтия) атындағы №3 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru